Ертегілер еліне саяхат

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Әлеумет, шығармашылық.

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалаптастыру, қоршаған орта, экология, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет, жапсыру.рта, экология, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, сурет, жапсыру.

Мақсаты
Білімділік: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: достыққа тәрбиелеу.
Заттың дамыту ортасы: Ертегі желісіне байланысты суреттер, сандық, көрпеше, қатық, бидай

Билингвалдық компонент: қыз-девочка, мысық-кошка, сиыр-корова, тал-дерево, дүкенші-продавец.

Инновациялық технология: Ақпараттық технология, денсаулық технология, интеграция.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелді түрткі болатын:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас-тырушы-лық іздестіру-ші.

 

 

 

 

Рефлексия-лық-түзетуші-лік

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық
шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын

Сәлеметсіздер ме!

Здраствуйте!

Hello!

 

- Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

- Бейнетаспадан «Мақта қыз бен мысық» ертегісін үзінді көрсету.

- Алдымызда тұрған қандай  ертегі кейіпкерлері?

- Ендеше бүгінгі ашық оқу -қызметінде «Мақта қыз бен мысық» ертегі кейіпкерлеріне саяхатқа шығамыз.

Ерте,ерте,ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты.Қыз үйін сыпырып жүріп,мейіз тауып апды.Мейізді мысығына билемек болып,мысығын шақырады.

Мысығы келмеген соң мейізді өзі жеп қояды

Мысығы мақта қызға неліктен шақырғанына жауап бермегені үшін мысық қыздың қатығын төгеді

–Қыз ашуланып  не істейді?

Мысық қатығын іздеп жолға шығады.Алдымен сиырға келді.

Мысық қатығын іздеп жолға шығады.Алдымен сиырға келді.

- 1 тапсырма . 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау Екі тілде санау.

 Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу. «Жоғалған сан».

(1 - ден 5 - ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады)  - Сиыр саған сүт берер едім бірақ қарным аш,маған кішкене жапырақ әкелші деп жалынаны,

- Мысық енді неге барады?

- Тал,тал маған жапырақ берші сиырға  беруім керек.

Талдың тапсырмасын алдымен орындау керек.

2 - тапсырма. Жұмбақтар жасыру» 

Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?

 

Мінезі ашық данадай,
Пейілі кең анадай.
Оған барлық тіршілік
Еркелейді баладай.

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар. 
Боран боп соғады,

Бұл қай мезгілде болады?

 

Балалар жыл мезгілдеріне тақпақ айтып береді.

- Тал тәрбиешінің құлағына сыбырлап талдың шөлдегенін айтады

Талдағы енді су керек.

– Мысық  су іздеп қыздарға келеді.Қыздардың тапсымасын а йтуымыз керек.

3 - тапсырма. Киімдерді жамау (кесілген жерге пішіндерді қою)

- Қыздар тәрбиешіге сыбырлап сағыз шайнағысы келетінін айтты.

- Мысық дүкеншіге келіп амандасады.Одан сағыз беруін өтінеді.

-Дүкенші тапсырмасында бірлесіп шешіп көмектесейік

4 тапсырма. Мнемо кесте арқылы

Бауырсақ ертегісін айту.

Сергіту сәті:

Сырға-сырға сырғалар, құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік, сол қолымда білезік.

Саусақтарда сақина, санап көрші қанеки?

Бір-екі-үш, бір-екі-үш, демалайық жинап күш

– Дүкеншінің қарны ашып жұмыртқа жегісі келіп отырғанынайтады.Жұмыртқаны қайдан алатынын балалардан сұрайды.                  

– Тауыққа келіп өзінің жұмыртқаға келгенін айтады

Тәрбиеші: Балалар мысыққа тағы көмек берейік.Тауықтың тапсырмасын шешейік.

5-тапсырма: Үй құстарын атаңдар?

-дала құстарын атаңдар?

-Дид. ойын «Қандай құстың даусы?»
магнитофон арқылы түрлі құстардың сайраған дауыстарын кезектестіре жібереді.

Тәрбиеші: тауық бізге жем берулерін  өтініп тұр.жемді  қайдан аламыз.

Осы кезде ашуланған мысық тышқанды тарпа бас салады.Тышқан қорықққаннан мысыққа бидай береді. Және осы бидай қайда өсетінін білесіңдер ме?

6 - тапсырма. «Үй құрастыру».

Ұжымдық жұмыс.

Мысық тышқанға рахметін айтып тауыққа,дүкеншіге,талға, қыздарға,және сиырға  келеді. Сүтті алып қызға ұсынады

Тәрбиеші: балалар енді өнер орталығына барайық

Шығармашылық жұмыс

- Мысыққа құйрық  жапсыру.

- Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Біз қандай ертегіге саяхатқа бардық?

- кейіпкерлерін атаңдар?

- Қай ертегіні сахналадыңдар?

Мақтау, мадақтау,бағалау.

Шеңбер жасап шаттанып қуанады. 

 

 

 

 

 

Үш тілде амандасады.

 

 

Балалар өздері білетін ертегілерді атайды.

- Мақта қыз бен мысық

 

 

 

 

- Балалар кейіпкерлерді сахналайды.

 

- Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алды. 

 

 

 

 

 

- 1, 2, 3, 4, 5

- 5, 4, 3, 2, 1

 

 

 

 

- талға барады.

 

 

 

 

 - Көктем

 

 

- Жаз

 

 

 

- Күз

 

 

- Қыс

 

 

 

 

 

- Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

- Балалр ертегіні айтып береді. 

 

 

Қимыл – қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

тауық,әтеш,қаз үйрек т.б

-кептер, торғай, қарға,сауысқан.

т.б 

 

 

 

 

- Балалар тапсырманы орындайдды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Ертегілер туралы білді.
Не алды: Ертегіні сахналай алды.
Не істей алды: Берілген тапсырмаларды орындай алады.

Чтобы скачать материал зарегистрируйтесь или войдите!