Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы»

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеумет, Денсаулық.
Бөлім: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты:

  • Балаларға әртүрлі маман иелері туралы білімдерін толықтыру.
  • Маман иелерінің атқаратын қызметтері туралы өз ойларын жүйелі анық жеткізуге үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрауға, жұмбақ шешуге және ой өрісін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Балалардың еңбекке деген қызығушылығын оятып еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт.

Көрнекіліктер: Слайд тақтасы, мамандық иелерінің құралдары, суреттер, үлестірмелі материалдар.

Билингвалды сыңары: Мамандық - профессия, дәрігер - врач, шаштараз - парикмахер, аспазшы - повар, мұғалім - учитель.

Оқу қызметінің барысы: Шаттық шеңбері

Мейірімді жүрекпен.
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге тұрайық.
Жылулық сыйлайық.

Біз ойнайық, ойнайық.
Кім болуды ойлайық.
Жақсы оқып сабақты.
Жақсы адам болайық.

Жарайсыңдар балалар кәне олай болса орнымызға отырайық.
Қызығушылығын ояту: 1, 2, 3-топтың іші тып–тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Слайд арқылы бала-бақшада жұмыс атқаратын маман иелерінің жұмыстары жайлы балалар тақтаға шығып әңгімелейді. Бұл бала-бақша асханасы, мұнда аспазшы апай балаларға ас дайындауда. Біз онда саяхатқа барғанбыз, асхананың іші кең және жарық және сол кезде аспазшы апай тәтті бөлішке пісіріпті маған қатты ұнады. Онда үлкен пештер, үлкен–үлкен ыдыстар өте көп.

Балалар осылай мұғалімді, дәрігерді, шаштаразшыны осылай әңгімелеп береді.
Көркем сөз: Тәуелсіз жаңа заманда.
Сұраныс көп маманға,
Нағыз маман пайдалы.
Мемлекет қоғам адамға.

Жарайсыңдар балалар жақсы маман болу үшін жақсы оқу қажет көп еңбектену керек. Біздің бала-бақшаның өзінде маман иелері өте көп екен, Тәрбиеші, есепші, суретші тігінші, медбике т. б мамандар жұмыс жасайды екен. Балалар осы маман иелеріне арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

Баян Ақ халатты киемін.
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді.
Өзім жақсы көремін.

Әмір Ақ ниетті адамға.
Жақын болғым келеді.
Жолда өткізер көп күнді.
Полиция болғым келеді.

Береке Дайте повару прадукты.
Мясо птицы, сухофрукты,
Рис картофель И тогда
Ждет вас вкусная еда.

Аймен Жыры жеткен ғаламға.
Ақын болғым келеді.
Талай жерге әйгілі.
Әнші болғым келеді.

Айдана Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ қайшысы.
Апамның бес саусағы.
Шашты сәндеп қырқады.

Жарайсыңдар олай болса тіл ұстарту жаттығуын айтайық.
Ыз-ыз-ыз шашыңды жуғыз.
Ра-ра-ра шашыңды тара.

Сергіту сәті: Бала, бала балапан.
Кәне, кәне алақан
Саусақтарың әйбат.
Былай, былай ойнат,

Бір қадам алға басамыз,
Алақанмен соқ, соқ, соқ.
Бір қадам артқа басамыз.
Аяқпенен топ, топ, топ.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін табыңдар жауаптарың дұрыс болса экраннан көрсетіледі.

1. Дүкенге әкеп ілінді.
Тікті әсем киімді. (тігінші)

2. Жалтылдаған қалағы.
Салатын кім қаланы. (құрлысшы)

3. Өлеңмен тақпақ жаттатып
Бізге білім беретін. (мұғалім)

4. Іші ауырса тісі ауырса
Бізге дәрі беретін (дәрігер)

Ғажайып сәт: Қонаққа дәрігер келеді, сәлемдесіп балалардың жағдайларын тексеріп жүргендігін айтып балалардың денсаулықтарын қарайды, әңгімелеседі, жақсы маман иесі болу үшін көп еңбектену қажеттілігін айтады. Балалардан еңбек туралы мақал-мәтелдер білетіндігін сұрайды.

Еңбек-етсең ерінбей.
Тойады қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті.
Оқу-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.

Д/о: "Мамандық иелерінің құралдарын тап"
Шарты: Әр түрлі құралдардың арасынан, маман иесінің құралдарын сызып көрсетеді. Дәрігер ризашылығын білдіріп, басқада жұмыстары бар екендігін айтып қоштасады.
Мнемо кестесі арқылы тақпақ жаттату.
Құрастыру: "Аспазшы мен шаштаразды"
Осы мамандар бойынша сюжеттік ойын ретінде тәжірибе жасап көреді

Шаштараз: Шашты өреді, қырқады, шашты бояйды, сәндейді.
Аспазшы: Қамырдан тәтті бөлішке жасап, безендіреді, пісіреді.
- Жарайсыңдар балалар, сендер оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар!

Қортынды: Балалар бүгін біз қандай маман иелерімен таныстық Мамандық дегеніміз не Болашақта сендерде жақсы маман иесі боласыңдар, мамандықтың жаманы жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Жарайсыңдар балалар, қазақта мынадай мақал бар "Еңбектің наны тәтті" деген әрдайым нанымыз тәтті болсын. Еңбектеніп, сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп-көп рахмет.

Размер:
14.89 Kb
Скачали:
6